Семейде жоғалып кеткен жасөспірім мен бойжеткен табылмай жатыр
Семей қаласында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен ағайынды бойжеткен мен бозбала табылмай жатыр.
Фото: Абай облыстық ПД
15:35 09.04.2024
Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтынай Әбішева мен Абзал Әбішев 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласы Восточный левый кентіндегі жер үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Сол уақыттан бері олар мүлде хабар-ошарсыз.
«Арыз түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Алтынай 18 жаста. Бойы 160-165 см, дене бітімі арық, шашы қара. Тізеге дейін жасыл күртке, қара түсті футболка мен кроссовка киген. Ал 16 жастағы Абзалдың бойы 175-180 см, дене бітімі арық, шашы ашық түсті, оң көзінің астында тыртық бар», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары оларды көргендерден немесе қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!