{metadescription}
Нүкенованы қылқындыру белгілері бар - сарапшы

Нүкенованы қылқындыру белгілері бар - сарапшы

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр.

Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанаттың өліміне себеп болған бас жарақаттарын тізбектеп берді, деп жазады kazinform.

Ол марқұмның бет-жүзінде болған жарақаттарды манекенге салып көрсетті. Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты.

– Есі сау адам өздігінен мұндай жарақат алмайды. Биіктен құласа бір жөн, жерде тұрған адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды, - деді ол.

Сарапшы Нүкенованың мойнында қылғындыру белгілері бар болғанын атап өтті.

«Оны соққылардан кейін қылқындырған ба?» - деп сұрады судья Айжан Көлбаева.

Халимназаров «иә» деп жауап берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.