Қылмыстық топ 700-ден астам шетелдіктің Қазақстанда тұруына заңсыз рұқсат әперген
Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Фото: Polisia.kz
20:10 09.04.2024
Қылмыстық схемаға халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекеме қызметкерлері және «көмекшілер» деп аталатындар кірген.
Ақшалай сыйақы үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсат заңсыз берілген.
Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген.
Сонымен қатар, 2 электронды-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, «eQonaq» ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған.
Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.
Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!