Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның да денесі табылды
Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та Жылыой ауданы Құлсары қаласында ТЖД күштерімен әкесімен бірге жоғалып кеткен баланың денесі де табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
17:08 14.04.2024
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 2000 жылғы баласының денесі өз үйінен бір шақырым қашықтықта 1.5 метр тереңдіктегі су астынан табылды. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылғы ер адам 2000 жылы туған баласын ертіп, су басқан үйін көріп қайтуға аттанған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!