СҚО-ға су тасқынымен күресу үшін тағы 700 әскери қызметкер жіберілді
14 сәуірде ҚР Қарулы Күштерінің "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы, полковник Ержан Ибраев Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін 700-ге жуық әскери қызметші жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
20:04 14.04.2024
Негізгі күш бөгеттерді нығайтып, топырақ төгу, құм салынған қаптарды дайындау, ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп халықты эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған.
"Қорғаныс министрлігінен 700 адамнан және 33 техникадан тұратын жеке құрамның күштері мен құралдары оқиға орнына жіберілді. Сондай-ақ, су басқан елдімекендер мен үйлерді күзету бойынша іс-шараларды орындаймыз. Сонымен қатар, Петропавл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тыл техникасы бөлінді", - деді полковник республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Қарулы күштерінен 2 262 әскери қызметші, 137 бірлік автомобиль техникасы, төрт армиялық авиация тікұшағы, бір әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. Армиялық авиация елді мекендерден 113 адамды эвакуациялады. 40 адам және 11 тонна жүк тасымалданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!