{metadescription}
Жеңіс күні қарсаңында ақмолалық ардагерлерге 3 млн теңгеден беріледі

Жеңіс күні қарсаңында ақмолалық ардагерлерге 3 млн теңгеден беріледі

Ақмола облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасалады, деп жазады kazinform.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, биыл өңірде Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлеріне төленетін бір реттік төлем сомасы ұлғайтылып отыр. Яғни, соғыс ардагерлері 3 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда облыста 6 соғыс ардагері тұрады. 

«Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан атап өткендей, соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлем алады. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар және басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленді», - деді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде