{metadescription}
Қуандық Бишімбаевтің анасы сотта сөз алды

Қуандық Бишімбаевтің анасы сотта сөз алды

Күдікті Қуандық Бишімбаевтің анасы Альмира Нұрлыбекова сот отырысында алғаш рет пікір білдірді.

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы жалғасып жатыр. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып отыр, деп жазады kazinform.

Түстен кейінгі сот отырысына жәбірленуші Айтбек Амангелді және оның өкілдерінің бірі қатысқан жоқ. Жәбірленуші тараптың айтуынша, Айтбек Амангелдінің ата-анасы өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылған, Айтбек сол себепті сот залынан шығып кеткен. Өз кезегінде судья сот залынан рұқсатсыз шығуға болмайтынын айтты.

«Ол кез келген уақытта кіріп-шыға алмайды. Ол үшін соттан рұқсат сұрау керек. Тәртіп бәріне ортақ, үзіліске дейін күтсін», - деді судья Айжан Құлбаева.

Бүгін Қ.Бишімбаевты қорғаушы тарап сотта мәскеулік мамандардың қорытындысымен таныстырды. Қорғаушы Назкен Құсайынова ресейлік мамандардың қорытындысын оқи отырып, Салтанат Нүкенованың басынан қанның кетуі, өлімнен 3-4 апта бұрын пайда болған гематома болуы мүмкін деп мәлімдейді.

Сондай-ақ, сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сөйледі.

«Әрине, мен заңгер емеспін, бірақ мәскеулік мамандардың қорытындысын қабылдамасаңыз, ұлымның өзін қорғау жолында дәлелдер келтіруде конституциялық құқығын шектеу деп санаймын. Бұны ана ретінде шын жүректен айтып отырмын», - деді күдіктінің анасы судьяға қарай отырып.

Сот отырысы ертең сағат 10:00-де жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.