{metadescription}
БАӘ-де толассыз жаңбыр салдарынан әуе рейстері тоқтатылды

БАӘ-де толассыз жаңбыр салдарынан әуе рейстері тоқтатылды

Біріккен Араб Әмірліктерінде нөсер жаңбыр жауып, кейбір елді мекендерде қатты су тасқыны болды. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардың қатарында елдің ең ірі қаласы Дубай да бар. 15 сәуір күні кешке басталған жаңбыр толастаған жоқ, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Khaleej Times хабарына сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты Дубай халықаралық әуежайында кем дегенде 17 тұрақты рейс тоқтатылған. Рейстің тоқтатылуы, кешігуі және бағытын өзгерту күні бойы тіркеліп жатыр.

Бірқатар қалаларда қоғамдық орындарға баруға шектеу енгізіліп, кейбір бағыттар бойынша теңіз көлігі және автобустардың қозғалысы тоқтатылған.

Төтенше жағдайға байланысты БАӘ футбол қауымдастығы 16 сәуірге жоспарланған барлық матчты кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Әл-Айн қаласының Аль-Куа ауданында көшкін салдарынан жол опырылып, үлкен шұңқыр пайда болған.

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі халықты осы сәрсенбіге дейін жалғасуы мүмкін болған нөсерлі дауыл басылғанша аса қажет болмаса, үйлерінен шықпауға кеңес берді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде