{metadescription}
Су басқан аймақтарда жіті ішек инфекциялары, А вирустық гепатиті тіркелген жоқ

Су басқан аймақтарда жіті ішек инфекциялары, А вирустық гепатиті тіркелген жоқ

Су басқан аймақтарда жіті ішек инфекциялары, «А» вирустық гепатиті жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтты.

«Бұл күндері Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары өңірлердегі су басқан аумақтарды аралап, эвакуациялық пункттерге барды. Онда олар медициналық көмек көрсету деңгейімен танысып, пациенттермен кездесіп, дәрілік заттардың бар-жоғын және шұғыл қызметтердің дайындығын тексеруде. Улану мен инфекциялық ауруларға жол бермеу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар аясында барлық өңірде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары сумен жабдықтау көздерінің объектілеріне бақылауды күшейтті. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізуде», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның атап өтуінше, су тасқыны басталғаннан бері су басқан аймақтардағы орталықтандырылған көздерден 7 616 ауыз су сынамасы алынды. 

«Эвакопункттерде жіті ішек инфекциялары, «А» вирустық гепатиті жағдайлары тіркелген жоқ. Барлық өңірде су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті бақылауында», - деді ол.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде