{metadescription}
Елдегі су қоймалары 100% толды

Елдегі су қоймалары 100% толды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева елдегі су қоймалары жағдайын баяндады.

«Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100% толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасында су 316 сантиметрге асты. Петропавл қаласындағы Есіл өзенінің деңгейі – 1312 см, бір тәулікте 23 см төмендеу байқалды», - деді М.Әбдуәлиева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша 80% су жиналды.

«Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Шүлбі су қоймасына су жіберу жалғасуда. Ертістегі су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр», - деді спикер.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98% толы. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92%. Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасы 83% су жинады. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 884 сантиметрге жетті.

«27 наурыз бен 18 сәуір күндері Тобыл, Есіл, Жайық және Елек өзендері бассейндерінің су қоймаларына 19 текше шақырым тасқын суы келді. Биыл су жіберу көлемі 16 текше шақырым болды. Осылайша, қазіргі уақытта су қоймаларында 3 текше шақырым су жиналды. Салыстырмалы түрде бір жыл бұрын 1,2 текше шақырым су жиналған еді», - деді министрлік өкілі.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде