{metadescription}
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады.

Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.