{metadescription}
Сот ғимараты алдында өзін өртеген ер адам қайтыс болды

Сот ғимараты алдында өзін өртеген ер адам қайтыс болды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың соты өтіп жатқан Манхэттендегі сот ғимаратының алдындағы шағын саябақта үстіне құйған сұйықтықты жағып, өзін өртеп жіберген Максвелл Аззарелло ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ВВС. 

NBC және CNN хабарлауынша, ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, көп ұзамай қайтыс болды. Ол өзін өртеп жіберер алдында ол айналасына конспирологиялық мазмұндағы үндеу қағаздарын шашқан. 

Нью-Йорк полициясының басшылары кейін қысқаша баспасөз мәслихатын өткізіп, оның есімі Максвелл Аззарелло екенін хабарлады. Ер адам 1987 жылы туған, Флорида штатындағы Сент-Огастин қаласында тұрған. Ол Нью-Йоркке шамамен 13 сәуірден кейін келген, отбасы бұл туралы білмеген. Ол жағып жіберген жанғыш сұйықтық алкоголь негізіндегі тазартқыш болды.

Ресми тұлғалардың айтуынша, ол қандай да бір адамға немесе адамдар тобына шабуыл жасамақ болғаны екіталай. Олардың пікірінше, Азареллоны бұл әрекетке оның конспирологиялық көзқарасы итермелеген. 

Бұл тұжырымға оның әлеуметтік желідегі жазбалары мен өзін өртеп жіберер алдында шашып жіберген қағаздар мазмұны негіз болған. 

Полиция қызметкерлері өрт туралы хабардан кейін екі минуттан кейін әрекет етті. 

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты кезінде полицияның жоғары лауазымды шенеуніктері қауіпсіздік жоспарын қайта қарайтындарын айтты, бірақ олар өз көзқарастарына сенімді болып, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізетінін мәлімдеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.