{metadescription}
Атырау облысында су тартылған аумақтарды дезинфекциялау басталды

Атырау облысында су тартылған аумақтарды дезинфекциялау басталды

Су тасқынынан кейін Атырау облысында 2,8 мың отбасы біржолғы төлем алды.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.

«Жылой ауданы Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар су басқан жерді құрғатуды тұрақты түрде іске асырып отыр. Сондай-ақ, суы тартылған аумақтарда дезинфекциялау жұмыстары басталды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша 21 нысан дезинфекцияланды», - деді Р. Жұманғазин Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, су тасқынынан кейін бірқатар нысан электр энергиясы желісіне және газ жүйесіне қайта қосылып жатыр. 

«Біржолғы материалдық көмекті төлеуге қатысты 3398 өтініш қабылданып, қазір 2796 отбасы төлемін алды. Шығынды есепту және өтеу бойынша комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, Атырау облысы бойынша жағалауды бекіту жұмыстарына 18 мыңға жуық адам мен 1,7 мың техника жұмылдырылған», - деді баспасөз хатшысы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде