Каспий теңізі маңында жер сілкінді
Каспий теңізіне жақын аумақта жер сілкінісі сезілді.
Фото: pexels.com
10:36 23.04.2024
Сейсмикалық станциялар желісі бүгін түнгі 00:09–да жерасты дүмпулері болғанын мәлімдеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа бағытқа қарай 1913 шақырым жерде орын алды. Дүмпудің энергетикалық деңгейі — 9,6, MPV магнитудасы — 4,4 болды», - деп жазылған сейсмикалық станциялар желісі таратқан ақпаратта.
Аталған жағдайдың еліміздің аумағында сезілгені туралы мәлімет әзірге айтылған жоқ.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!