Түркістан облысында кәмелетке толмаған оқушы қыз зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр
Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
15:07 24.04.2024
Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
«Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сенсек, оқиға 24 сәуір түнгі сағат екілер шамасында болған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!