{metadescription}
Іле-Балқаш резерватындағы өрт: қылмыстық іс қозғалды

Іле-Балқаш резерватындағы өрт: қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған. 

«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 341-бабы бойынша «Ормандарды жою немесе бүлдіру» қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ТЖМ. 

Өртті сөндіру үшін тікұшақпен әуеден 129 мәрте 387 тоннадан астам су төгілді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. 

Бұған дейін Алматы облысының Балқаш ауданының Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатқанын хабарлаған.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде