Алматы маңында жоғалып кеткен 3 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысының полиция департаменті Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлім етті.
Фото: pexels.com
10:46 25.04.2024
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.
Полиция күдіктілердің кім екенін және қыздың денесі табылғаны туралы ақпарат бермеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп атап өтті ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!