{metadescription}
Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық — Президент

Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық — Президент

Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.

«Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ — ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады», — деді Президент.

Мемлекет басшысы халқымыз өте ауыр сынаққа тап болғанын баса айтты.

«Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар — бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созып жатқанына назар аудартты.

«Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын. Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы — балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық», — деді Мемлекет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде