{metadescription}
Елімізде 1-2 мамырда жаңбыр жауып, күн суытады

Елімізде 1-2 мамырда жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» РМК 1-2 мамыр күндерінің Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлованың айтуынша, Қазақстанда 1-2 мамырда екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

«Скандинавия аймақтарынан соққан антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін күрт төмендейді, 1-6 градус аяз болады, күндіз +5-13 градус жылы болады», - деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте А.Ысмағұлова.

Оның атап өтуінше, ауа температурасының түнде 2-7 градусқа дейін, аяз 2 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал еткен суық ағындар біртіндеп республиканың оңтүстік аймақтарына ауысады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде