{metadescription}
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына елімізде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндалды.

Сондай-ақ сот жүйесін реформалауға қатысты бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды. Асламбек Мерғалиев сот ісіне жасанды интеллект пен роботизация элементтері бар IT-сервистердің енгізілуі жөнінде мәлімет берді.

Бұл шара соттар қызметіндегі ашықтық пен әділ сот төрелігіне ықпал етеді. Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және істерді қарау кезінде соттың барлық сатысында заңдылықты сақтау мәселесіне айрықша назар аударды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде