{metadescription}
СҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды

СҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» тасжолында екі көлік соқтығысты. Салдарынан екі адам мерт болды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға өткен аптада болған. Сағат 16.00 шамасында Тайынша ауданы аумағында «Chrysler» жеңіл автокөлігі мен «Volvo» жүк көлігі соқтығысып қалды.

«Chrysler» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті» бабы бойынша тіркелді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде