{metadescription}
Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды – ІІМ

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқан адамның заң аясында жауап беретінін тағы да еске салады.

«Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 2 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылды. Жалған ақпаратты білместіктен тарату заң бойынша жауапкершіліктен босатпайды, біз оны бірнеше рет ескерттік», - деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонына қатыса отырып. 

Оның айтуынша, жалған ақпараттың дені гуманитарлық көмек ұрланып жатыр, әкімдіктер өздеріне иеленуде, адам өлімі мен мал қырылды деген сарында. 

«Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз. Осы орайда жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің барын еске саламыз», - дейді ведомствоның ресми өкілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде