Тас жолдың бір бөлігі опырылып, 18 көлікті топырақ басып қалды
Үйінді астынан 31 адам шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Фото: CCTV
15:20 01.05.2024
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында тас жолдың бір бөлігі опырылып, 18 көлік үйінді астында қалды.
Оқиға сәрсенбіге қараған түні Мэйчжоу қаласында болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінді астынан 31 адамды алып шықты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Үйіндіні қазу жұмыстары жалғасып, оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!