{metadescription}
Құлсары қаласында тұратын 3 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерде демалады

Құлсары қаласында тұратын 3 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерде демалады

Атырау облысындағы Құлсары қаласында тұратын 3 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерде демалады.

Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, 3 мамырда 23 оқушы Балқаш қаласындағы лагерьге аттанады. 

«Оқушылардың жазғы демалыс және еңбек лагерьлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсары қаласындағы қазіргі жағдайға байланысты жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданып отыр. Өйткені, Құлсары қаласында үйін тасқын су отбасыларда 3 мыңнан астам оқушы бар.

Білім басқармасы оқушыларға қамқорлық жасауды қолға алды. Атырау облысының оқушылары Ресей Федерациясының Железноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу-сауықтыру пансионатына, Индер ауданындағы «Жас Өркен» және Махамбет ауданындағы «Арай» балалар лагерьіне жіберіледі», - деді Орынтай Биманова. 

Оның айтуына қарағанда, Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «Балдәурен» жазғы лагеріне Құлсары қаласының оқушылары үшін көп орын бөлінген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде