{metadescription}
Алматыда «Атакент» көрме кешенінің павильоны өртенді

Алматыда «Атакент» көрме кешенінің павильоны өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер «Атакент» көрме кешенінің павильонындағы кәсіпкерлердің мүлкін өрттен қорғап қалды.

1 мамырда сағат 22:12-де ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақыру бойынша Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42 үй, 7А павильонына мекенжайына жіберілді. 

«Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары павильонның екінші қабатында s= 60 ш. м. Шарпыған өрт ошағын жедел анықтады. Жоғары өрт жүктемесін (аумағы s=14 мың ш.м қойманың іші тауарлық-материалдық құндылықтарына лық толтырылған ), сондай-ақ көк түтінді ескере отырып, бірнеше өрт оқпандары дереу енгізілді және АД-120 түтін шығаратын өрт сөндіру машинасы іске қосылды. Қабылданған шаралармен өрт 35 минут ішінде оқшауланып, 22-57-де жойылды. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жедел шақыртуға жеке құрамынан 57 л/с, 18 ТЖД техникасы, қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде