Атырауда фельдшерді ұрған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған күдікті ұсталды.
Фото: Атырау облысы әкімдігі
16:54 02.05.2024
Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады kazinform. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 1 мамырда болған.
«Атырау қаласында түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктінің жасы – 20-да. Наркологиялық тексерудің қорытындысымен күдіктінің жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алды. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Күдіктінің фельдшерді ұруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл қылмыстық істі тергеу барысында анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!