{metadescription}
Каспийге шамамен 1 млрд текше метр тасқын су жіберілді – министрлік

Каспийге шамамен 1 млрд текше метр тасқын су жіберілді – министрлік

Елімізде тасқын суды өзен, көл және су қоймаларына жіберу жұмыстары жалғасып жатыр.

Толығырақ Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтып берді, деп жазады kazinform.

«Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метр тасқын су жіберілді. Ол үшін Атырау облысының «Қазсушар» мекемесінің филиалы 4 арна (Бақсай, Нарын, Черная речка, Соколок) пайдаланады. Бұл арналар тәулігіне 12 миллион текше метрге дейін су өткізе алады. Олардың әрқайсысында «Қазсушар» мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, Соколок каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна қазылды, ол арқылы тасқын су Каспийге жіберіледі», - деді Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ-де өткен брифингіде. 

Одан бөлек, мамандар Балқаш көліне де су жіберу жұмысын жалғастыруда. Көлге Қапшағай су қоймасынан шамамен 2,5 млрд текше метр су құйылған. 

Сондай-ақ, брифингте айтылғандай ведомство Ресейден келген 30 млн текше метр суды Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне де жіберіп жатыр. Аталған көлдер жүйесіне соңғы 20 жылда су бармаған. 

«Соңғы жылдары кеуіп қалған Батыс Қазақстан облысының Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жіберу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне, атап айтқанда Телікөл көлдер жүйесіне су жіберіледі», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде