Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланды
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында тағы да өрт тұтанды.
Фото: ТЖМ
09:06 03.05.2024
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Қарағандыда Костенко атындағы атындағы шахтада 4 конвейер штрегі түтіндеген.
Бықсуды алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов сөндірді.
Кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған.
Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған.
Сағат 21:47–де 187 кенші жер бетіне шығарылды.
Оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы орнында қалды.
Алдын ала себеп — төменгі төсемнің ролигіне бөгде зат түсіп, оның жұмысын тоқтатып тастаған. Содан конвейер лентасы бықсыған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!