Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы көшедегі әжетханада қайтыс болды
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте қайғылы оқиға болды.
Фото: Жамбыл облысы ПД
10:33 03.05.2024
Мектептің 8-сынып оқушысы қаза тапты, деп жазады kazinform. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!