{metadescription}
Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында ел құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық гимнасшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Отандастарымыз 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.