Павлодарда жеке үй мен монша өртенді
Өрт сөндірушілер 27 литрлік газ баллонын уақытында шығарып үлгерді. Тілсіз жау жалпы аумағы 250 шаршы метрді шарпыған.
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті
11:02 03.05.2024
Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекөл ауылында үш бөлмелі үйдің және оған жапсарлас салынған моншаның ағаш шатыры өртенген.
«Кенжекөл ауылында жеке үйдің өртеніп жатқаны хабар түсті. Оқиға орнына жедел барған өрт сөндірушілер моншадағы бу қабылдау бөлмесінен 27 литрлік газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды. Павлодар қаласының №3 ӨСБ құтқарушылары үйдегі тұрмыстық техника, корпусты және жұмсақ үй жиһаздарын далаға шығарды. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 36 адам мен 11 техника, қалалық желілер мекемесі мен «102» қызметі әрекет етті», деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады. Өрттің себеп-салдары анықталып, келтірілген шығын есептеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!