{metadescription}
Нысана көздеуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар күміс жүлдеге ие болды

Нысана көздеуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар күміс жүлдеге ие болды

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысына көздеуден әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, тапаншамен 10 метрден оқ атуда Қазақстан-2 құрамасы финалда түркиялық қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова әлем кубогында аралас жұптық сында алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Кеше қос спортшы жарыстың алғашқы күні іріктеуде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде