{metadescription}
Алматыда қос жол талғамайтын көлікті жолаушылар автобусы түйреп алып, бірнеше метрге сүйреді

Алматыда қос жол талғамайтын көлікті жолаушылар автобусы түйреп алып, бірнеше метрге сүйреді

Алматыда 3 мамырда маршруттық автобус пен екі жол талғамайтын көліктің қатысуымен жол апаты болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mitsubishi Pajero және Lexus RX 300 Брусиловский көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, бағдаршам жоқ қиылысты басып өтпек болады. Өзге көліктер оларды өткізіп жібергенімен, №100 қалалық маршруттың автобусы бар жылдамдығыпен келіп Mitsubishi Pajero-ға соғылады. 

Ол соққы салдарынан өзімен бірге бұрылып жатқан Lexus RX 300-ке қадалды. Одан соң жоғары жылдамдықпен келген автобус екі көлікті де асфальт бойымен бірнеше метрге сүйреп апарды. Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шекті, оларды оқиға орнында дәрігерлер қарады. Ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде