{metadescription}
Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар 200 мың адам тіркелген

Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар 200 мың адам тіркелген

сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында психологиялық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы статистика деректерін мәлім етті.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар, бірақ психикалық белсенді зат тұтынбайтын 199 672 адам тіркеуде тұр. Бұл санаттағы азаматтардың көбі Қарағанды (1616,2 адам), Қостанай (1523,5 адам) және Солтүстік Қазақстан (1414,2 адам) облыстарында тіркелген» деп жазылған ресми жауапта.

Ведомство мәліметінде психикалық ауытқуы бар адамдарды емдеу мерзімі науқастың жай-күйіне байланысты екені айтылған. 

«Мұндай адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 167-бабымен және медициналық көмек ұйымдастыру стандарттарымен, медициналық көмек көрсету ережелерімен, клиникалық қаулылармен реттеледі» делінген министрлік жауабында.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде