Атырау облысында суда қалып қойған 65 жылқы құтқарылды
Қызылордалық құтқарушылар Атырау облысында Жайық өзеніндегі мол судың салдарынан аралда қалып қойған 65 жылқыны қауіпсіз жерге шығарды.
Фото: Қызылорда облысы ТЖД
13:38 06.05.2024
Оқиға кеше, 5 мамырда Атырау облысы Индер ауданына қарасты Есбол ауылы аумағында болған.
Жайық өзеніндегі мол судың салдарынан аралда қалып қойған 65 жылқы құтқарылған.
«Оқиғаға байланысты хабар түскеннен кейін Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дереу жетті. Сол аумақта бес үйір жылқының жүргені анықталды. Олардың саны 65 басты құрайды. Үрлемелі қайықтың көмегімен бес құтарушы жылқыларды қауіпсіз жағалауға шығарды», — дейді Қызылорда облысы ТЖД жедел құтқару жасағының Сүңгуірлік бөлімшенің жетекшісі Ролан Әбдіхалықов.
Департаменттің мәліметіне сүйенсек, су тасқыны болған аймақтарда қызылордалық 98 құтқарушы тәулік бойына қызмет атқарып келеді.
Бүгінге дейін олар Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстарына белсене қатысты.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!