{metadescription}
Шығыс Қазақстанда жолға көшкін түсті

Шығыс Қазақстанда жолға көшкін түсті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жолда көшкін болды.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан таудан көшкін жүріп, Күршім ауданындағы жергілікті маңызы бар «Маралды-Үшбұлақ» жолының 12-ші шақырымында көліктердің жүруіне қиындық туғызды.

«Таудан төмен лықсыған топырақ жолдың 50-100 метрдей бөлігін жауып қалды. Қазіргі кезде аталған жол бөлігіне жол-көлік полициясы қызметкерлерінен кезекшілік қойылды», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.

Оқиға болған жерде атқарылатын жұмысты анықтау үшін аудандағы жауапты мекемелердің басшылары, атап айтқанда аудан әкімінің орынбасары, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Күршім» коммуналдық шаруашылығы, Өскеменнен «ҚазСелҚорғау» мекемесінің мамандары жіберілді.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Жағдай аудан әкімінің жеке бақылауында.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде