Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
15:38 06.05.2024
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,15 теңгеге төмендеп, 1 доллар 439,43 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 441, 66 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 439,9 теңге, сатып алу – 441,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 439 теңгеден болса, сатып алу – 444.
Алматыда Ресей рублі 4,75 - 4,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,7 – 4,8 теңгеден сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!