Мамыр мерекелерінде күн 28 градусқа дейін жылынады
Қазгидромет синоптиктері 7-9 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
16:40 06.05.2024
Алдағы күндері Өзбекстаннан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңіріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі.
Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде минус температура сақталатынына қарамастан 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометр бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді.
Бірақ батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Ең алдымен оңтүстік циклон ықпалымен жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін.
Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклоны келеді.
Осылайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!