{metadescription}
СҚО-да су тасқынына байланысты ҰБТ биыл кеш өткізіледі

СҚО-да су тасқынына байланысты ҰБТ биыл кеш өткізіледі

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін ҰБТ-ға қатысуға өтініштер қабылдау басталды және басқа өңірлерге қарағанда 6 күнге ұзартылып, 20 мамырға дейін жалғасады.

СҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеуге қатысу үшін түлектер Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн өтініш береді.

«6-13 мамыр аралығында тек бірінші әрекетке өтініш беруге болады. 14 мамырдан 20 мамырға дейін 2-ші әрекетке өтініш қабылданады. Түлектер мен ата-аналар өтініш берген кезде ҰБТ тапсыру күнін, уақытын және пунктті өзі таңдайды. Жазғы ҰБТ-ға мектеп түлектері тегін қатысады», - дейді СҚО Білім басқармасының бас маманы Мария Исмагамбетова.

Маманның айтуынша, СҚО үшін тестілеу жеке кесте бойынша жүргізіледі. Егер жалпы ел бойынша ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтсе, мұнда 25 мамырдан 12 шілдеге дейін жоспарланған.

«Осы кезеңде түлектер тестілеуді 2 рет тапсыра алады, екі сертификат та жарамды және ең жақсы нәтижемен гранттар байқауына қатыса алады. Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі, жазғы ҰБТ-да төмен балл алған жағдайда, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның ең жақсы нәтижесі ескеріледі», - дейді Мария Исмагамбетова.

Биыл СҚО-да мектепті 3 мыңнан астам түлек аяқтағалы отыр. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде