Қазақстанда жаңа мереке пайда болады
23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталына Туризм және спорт министрлігінің қаулы жобасы жарияланды.
17:24 06.05.2024
Құжат 22 мамырға дейін ашық талқылауда болады. Жоба қабылданса, 2025 жылдан бастап Ұлттық кітап күні атап өтіледі.
Жаңа мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурыздағы үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына сәйкес ұсынылып отыр.
"Жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" мерекесін енгізу үшін әзірленді", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!