Қазақстандық дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген
Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуінің үнемі ұрып-соғатынына шағымданды. Он жыл бойы зорлық-зомбылыққа төзіп келген ол ақыры «Не молчи» қоры өкілдеріне бар шындығын жайып салды.
18:42 06.05.2024
Қор бұл сұмдықты парақшасында жариялады. Белгілі болғандай, Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы әйеліне үнемі күш көрсетіп, тіпті кеше, яғни 5 мамырда жұбайының әпкесіне де қол көтерген.
«Дина, сәлем! Мен Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. Мен 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқанымды мәлімдеймін. Маған физикалық, жыныстық, эмоционалдық, тұрмыстық зорлық көрсеті. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырып, түрмеге жабылғанын қалаймын», - деп көмек сұраған Карина Мамаш.
ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанымызда, бұл жағдайдан хабардар екенін жеткізді.
«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!