{metadescription}
Ақмола облысында балабақшада жүрген қыз бала көз жұмды

Ақмола облысында балабақшада жүрген қыз бала көз жұмды

Ақмола облысының Бурабай ауданында балабақша тәрбиеленушісі кенеттен қайтыс болды. 

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, келеңсіз жағдай бүгін, мамырдың 6-сы күні болған.

«Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде жас баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп түсіндірді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6 жасар қыз баланың өлімі 2024 жылдың 6-мамырында сағат 13:30-да Зеленый бор кентіндегі «Ромашка» балабақшасында тіркелген.

«Тынығу уақытында тәрбиеші баланың терісі көгере бастағанын байқаған. Ол дереу балабақша медбикесін, артынша, жедел медициналық көмекті шақырған. Жедел жәрдем бригадасы жеткенше медбике реанимациялық көмек көрсетті. Ол сәтсіз болды. Жедел жәрдем бригадасы келген соң баланың биологиялық өлімін тіркеді», - деді ведомстводан.

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде