Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне ресми кірісті
Владимир Путин жаңа алты жылдық мерзімге Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Валерий Зорькин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев
15:16 07.05.2024
Путин халыққа ант берді.
Зорькин Путинге президенттік биліктің нышандарын, оның ішінде президенттік төсбелгі — Ресей Федерациясының елтаңбасы бейнеленген және алтын шынжырда «Игілік, абырой және даңқ» ұраны бейнеленген алтын Георгий кресті табыс етті.
Қызметке кірісу туралы мәлімдемеден кейін мемлекет басшысы сөз сөйлеуі тиіс.
Бұл — Путиннің мемлекет басшысы ретінде бесінші мерзімі.
Оның алғашқы екі мерзімі төрт жылға созылды, Ресей Конституциясына түзету енгізілгеннен кейін мемлекет басшысының мандаты 6 жылға дейін ұзартылды.
Путин өзінің алғашқы алты жылдық мерзімін 2012 жылы, ал екінші мерзімін 2018 жылдан бастап атқарды.
2020 жылы негізгі Заңға енгізілген өзгерістерден кейін ол 2024 жылғы сайлауға қатысып, рекордтық 87,28% дауыспен жеңіске жетті.
Путиннің қазіргі өкілеттігі 2030 жылдың 7 мамырында аяқталады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!