БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ гидробекетінде тұрақтады
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ гидробекетінде 946 сантиметр болды.
Фото: Ғайсағали Сейтақ
10:47 08.05.2024
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 8 мамыр күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, су деңгейі бір тәулікте небәрі 4 сантиметрге көтерілді.
Соның ішінде сағат 00.00-де 946 сантиметрді көрсеткен еді, яғни содан бері су деңгейі өзгерген жоқ.
Жайық өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 7 (783 см), Орал қаласындағы гидробекетте 5 (779 см), Көшімде 6 (800 см) сантиметрге төмендеді.
Сондай-ақ Бәйтерек ауданы Көшім каналында да су деңгейі 2 (750 см) сантиметрге түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!