Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 439-444 теңгеден саудаланып жатыр.
09:52 10.05.2024
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,1-442,9 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 439,03-444 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 439,43 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,71-4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,72-4,82 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 6 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,15 теңгеге төмендеп, 439,43 теңге болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!