{metadescription}
Премьер солтүстік пен шығыс өңірлерді жылу маусымына бір ай ерте дайындауды тапсырды

Премьер солтүстік пен шығыс өңірлерді жылу маусымына бір ай ерте дайындауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов коммуналдық шаруашылыққа қажет көмірде жазда жинақтап қоюды тапсырды.

«Энергетика, Өнеркәсіп министрліктері мен өңір әкімдіктері жылыту маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар жоспарын 15-ші мамырға дейін бекітсін. Орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде 15-ші қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15-ші қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз ету керек», — деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы тасқыннан зардап шеккен өңірлердің жылу маусымына дайындығын баса назарда ұстау қажеттігіне еске салды.

«Өнеркәсіп, Энергетика министрліктері мен өңір әкімдіктері барлық жылу көздерін отынмен уақтылы қамтамасыз етуі қажет. Коммуналдық-тұрмыстық көмір қорын жаз кезінде жинақтап алу жұмысын жандандыру керек», — деді Олжас Бектенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде