Атырау облысында екі ауылдың арасындағы жол жырылып, қатынас уақытша тоқтады
Атырау облысының Махамбет ауданында екі ауылдың арасындағы жол жырылып, қатынас уақытша тоқтады. Бұған Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілгені себеп болып отыр.
Фото: istockphoto.com
11:18 10.05.2024
Атырау облысы жедел штабының мәліметіне сүйенсек, Махамбет және Сарытоғай ауылы аралығын жалғайтын жол жырылған.
«Махамбет аудандық төтенше жағдай жөніндегі штабтың шешімімен су деңгейін азайту мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол жырылып, қатынас уақытша тоқтатуға шешім қабылданды. Арнайы техникалардың көмегімен ауыларалық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді», - дейді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Оның айтуынша, екі ауылдың арасындағы жолдың ұзындығы – 5 шақырым. Махамбет және Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!