{metadescription}
Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

Зардап шеккен бала қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалады. 

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінен 2020 жылғы қыз бала құлап кеткен. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«103 операторына көпқабатты үйдің 5-қабатынан 4 жасар бүлдіршіннің құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 5 минутта жеткен. Ол облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жатқызылды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Баланың миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде