Ақтөбеде жол-көлік апатынан 3 адам көз жұмды
Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы маңында екі көлік соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы ажал құшты.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
12:48 10.05.2024
Оқиға 9 мамыр күні болды. Самара-Шымкент автожолында ВАЗ автокөлігі мен бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлікте Ырғыз ауданының адамдары болса, жүк көлігін шетелдік жүргізген.
«Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!