Бишімбаевтың соты: 13 мамырға дейін үзіліс жарияланды
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесі 13 мамырда жалғасатын болды.
Фото: пресс-служба специализированного межрайонного суда по уголовным делам Астаны
12:26 10.05.2024
Оған дейін ережеге сәйкес, тараптар алқа билерге сауалдарын дайындап үлгеруге тиіс.
«Тараптар алқа билердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылайды. Алқа билер мәселелерді талқылау және қалыптастыру үшін кеңесу бөлмесінде болуы керек. Сондықтан да алқа билерден залдан шығып, трансляцияны тоқтатуды, сондай-ақ БАҚ өкілдерінен залдан шығуды сұраймын», - деді судья Айжан Құлбаева бүгінгі сот отырысында.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!